ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. Чехия астанасы – Прага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Аталмыш жарыста Қазақстан спортшылары 6 медаль иеленсе, соның 4-і қызылордалық балуандардың үлесінде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атап айтсақ, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, 55 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин мен 60 келіде Жақсыбек Жеңісбек алтын медальға қол жеткізді. Ал 55 келіде Дидар Тәттібай күміс жүлде алды. Сондай-ақ облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Бауыржан Жауынтаев 60 келіде қола жүлдегер атанды. Бұлардың барлығы да Қазақстан жастар ұлттық құрамасының мүшелері.
Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы үшінші орынды еншіледі. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Украина.
Биыл қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында болатын Әлем чемпионатына Сыр өңірінен осы 4 спортшымен қатар, Еламан Ерғалиев те қатысады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ordainfo.kz.
• 04 Тамыз, 2015
Қызылорданың дзюдошылары Еуропа кубогынан олжалы оралды

Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше