
«Қазреестр» мемлекеттік ақпараттық жүйесі Үлескерлікпен қатысу шарттары мен олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы келісімдердің орталықтандырылған есебін жүргізеді. Жүйе үлестік құрылыс нарығында тұрғын үйді «қос» сату мүмкіндігін болдырмау үшін әзірленген. Былтырғы мамырдан бастап Qazreestr 2.0 жаңа нұсқасы іске қосылды. Ондағы негізгі өзгеріс – eGov Mobile қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе QR кодын пайдалана отырып, электрондық Үлескерлікпен қатысу шарттарын жасасу, сондай-ақ оларды кейіннен ақпараттық жүйеде автоматты түрде тексеру және тіркеу функциялары енгізілді. Қазір ортақ құрылыс жобаларын тексеру қызметі еліміздегі бірнеше банктің мобильді қосымшаларында, сондай-ақ электрондық үкіметтің eGov Mobile мобильді қосымшасында бар.
Бұл шешім Үлескерлікпен қатысу шарттарын бұрмалау тәуекелдерін барынша азайтып, мемлекеттік қызметті алуды ыңғайлы етеді. Мысалы, электрондық Үлескерлікпен қатысу шарттары үшін тіркелу мерзімі 3 күннен бірнеше сағатқа дейін қысқарды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүйеде 10 мыңнан астам электронды Үлескерлікпен қатысу шарттары тіркелді, бұл Қазреестрде тіркелген келісімшарттардың жалпы санының шамамен 35%-ы.
Бұған дейін тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне қатысу шарттарын тіркеу тек оффлайн режімінде көрсетіліп келді. Шарттарды тіркеуді де әкімдіктер қағаз жүзінде – тіркеу журналында жүргізді. Мысалы, тұрғын үй кооперативтері үлескерлермен қағаз жүзінде келісімшарт жасасып, оларды кейіннен тіркеу үшін әкімдіктерге тапсырса, қазір бұл мемлекеттік қызмет толығымен цифрландырылды. Биылдан бастап барлық тұрғын үй-құрылыс кооперативтері қатысу шарттарын Қазреестр жүйесі арқылы онлайн тіркеуі керек. Жүйедегі жаңашылдық мемлекеттік қызметтерді алу мерзімін оңтайландырады, қателіктер жіберу тәуекелін болдырмайды, сонымен бірге сыртқы жүйелермен ыңғайлы ақпараттық өзара әрекеттесу құралдарын ұсынады.