
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Биыл еліміздің атынан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздарынан жасақталған 6 оқушы қатысады. Олар:
- Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация» лицейі, Ақтөбе);
- Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы);
- Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы);
- Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы);
- Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы);
- Мирас Кенесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды).
Құрама жетекшілері – Сергей Полянских пен Перизат Саутбекова.
«Қазақстан географиялық тұрғыдан Балқан елдеріне кірмегенімен, 2004 жылдан бері JBMO-ға тұрақты түрде қонақ ел ретінде қатысып келеді. Бұл елдің математика саласындағы дарынды оқушыларын халықаралық деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік береді», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өткен жылы Түркияның Анталья қаласында өткен олимпиадада қазақстандық команда 6 жүлде, атап айтсақ, 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын.