Қоғам • Кеше

Мұхтар Мағауиннің ұлы дүние салды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мұхтар Мағауиннің ұлы дүние салды

фото: видеодан скриншот

23 маусым күні атақты қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.

Мағжан Мағауин Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз.

Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 9 қаңтарда, 85 жасқа қараған шағында, АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болған. Ол қазақ әдебиеті мен тарихын терең зерттеп, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған танымал тұлға.