Аймақтар • Кеше

Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібі дамиды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мақта саласын қолдау, мақта-тоқыма кластерін құру мақсатында бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібі дамиды

Атап айтқанда, инвестициялық құны 20,7 млрд теңгелік, 2000 жұмыс орны құрылатын «Global Textile Turkistan» ЖШС-ның мақта талшығын, сұр және боялған мата, трикотаж өндірісін, «TST Jetisay Textile» ЖШС иіру, тоқу және тігін фабрикаларын (инвестиция – шамамен 41,5 млн АҚШ доллары, 250 жұмыс орны)  2025 – 2027 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.

«Kazakhstan LIHUA» ЖШС-ы мақтаны өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклды жобаны іске асыруды көздеп отыр, оның шеңберінде 2000-нан астам жұмыс орнын құрылмақ.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенаторлар сауалына берген жауабына сүйенсек, саланы одан әрі дамыту үшін кластерлік тәсілді және технологиялық жаңғырту шараларын күшейте отырып, жаңа тоқыма өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу көзделуде.

«Мақта саласының тиімділігін арттыру мақсатында «Селекция және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар» аясында селекциялық бағдарламаларды қаржыландыруды 1,5-тен 7,5 млрд теңгеге дейін ұлғайту, 9 ғылыми-техникалық жобаны іске асыру, оның ішінде мақта селекциясын және бастапқы тұқым шаруашылығын, жабдықты жаңарту және шетелдік ұйымдарды тарта отырып, мамандар даярлау, Түркістан облысында мақта тұқымы зауытын жаңғырту (қуаты–жылына 1,5 мың тонна, пайдалануға беру–2025 жылдың соңы) шаралары көзделген», делінген Премьер-министрдің жауабында.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді, инвестициялық қолдауды, кластерлік инфрақұрылым құруды және тұқым шаруашылығын дамытуды қоса алғанда, мақта саласын кешенді дамытуға бағытталып отыр.