Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Дросте эффектісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір суреттің ішінде дәл сол су­рет­ті кішірейтіп қайталау әдісін Дросте эффектісі деп атайды. Бұл атау «Droste`s cacao» брендімен бай­ла­нысты.

Дросте эффектісі

Себебі бұл визуалды әдіс алғаш рет дәл осы какаоның қорабында қолданылған. Қораптың сыртында медбике бір табақ ұстап тұр, ал табақта – Droste какаосының өзі. Ал сол қораптың бетінде… дәл сондай медбике, дәл сондай табақ, дәл сондай қорап. Бұл бейне осылайша шексіз қайталанып кете береді. Ғалымдар бұл эффектіні кейін өнерде, дизайн саласында кеңінен қолдана бастады. Осылайша, бір өнімнің жарнамасында қолданылған бейнелеу тәсілі кейіннен тұтас визуалды әдістің атауына айналды.