АСТАНА. 19 наурыз. Ақмола облысында туған анасы бас тартқан, басқа жанашыр ешкімі жоқ 38 жастағы азамат аурухананы паналап жүр. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Жанарбек Жанайдаров 3 жыл бұрын инсульт боп, жедел жәрдеммен Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілген. Сал боп қалған науқастан туысқандары теріс айналыпты. Содан бері Жанарбек сырқаттар жуынатын бөлмеде түнеп, ал әр күнін арбаға таңылған күйі емхана дәлізінде өткізеді екен. Бағып-қағып отырған дәрігерлер де оны тиісті мекемеге орналастыра алмай әуре. Өйткені, бұл азаматтың бір де бір құжаты жоқ көрінеді.
Бурабайдағы аурухананың терапия бөлімшесінің дәлізінде отырған Жанарбектің 3 жылдан бергі өмірі осылай өтіп жатыр. Сырқаттар түскі ұйқыдан оянып, кереуеттерінде керіліп жатса, ол мүгедек арбасында тапжылмай отырады. Өйткені күндіз оған жататын орын жоқ. Ал кешкісін мына сырқаттар жуынатын бөлменің тақтайына көрпе тастап жантаяды.
Бас дәрігер барар жері жоқ азаматтың тағдырын шешу керек деп құзырлы орындарға хабар беріпті. Бірақ селт еткен жан болмаған. Ү жыл бойы сал адамды тамақтандырып, киіндіруден мейірбикелер де шаршаған.
Бурабай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрәлі Тұрғынбаев: «Құжаты жоқ. Біз қолымыздан келген көмегімізді беріп жатырмыз. Туысқандары бас тартты. Инсульт болған. Оны ауруханадан ешкім алып кеткен жоқ. Бұл мәселеленің шешімін тауып берер біреу табылмай тұр», – дейді.
Мүгедектігін анықтап, арнайы мекемеге орналастыруға тиіс мамандар да Жанарбектің құжатын іздеп шаршадық деп отыр.
Бурабай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Қожағұлов: «Одан туған анасы бас тартып отыр. Құжатын әзірлеу үшін Әділет министрлігіне сұрау салдық. Олардан база мұндай адам жоқ деген жауап келді», – дейді
Сұрастыра келгенде оның анасы. Рәш Жанайдарова Щучье қаласындағы туысының үйін паналап жүр екен. Ол: «Мен балам емес деп қалай бас тартам? Менікі болса. Жағдай жоқ. Өзім қаңғырып жүрмін», – дейді.
Кейуана осы баласымен Ресейден 40 жылға жуық уақыт бұрын көшіп келген екен. Төлқұжаты да жоқ Жанарбекті әлеуметтік мекемелердің біріне орналастыру үшін ең болмаса оның туу туралы куәлігін табу қажет. Шенеуніктер соны Ресейдің Қорған облысынан сұратып жатқан көрінеді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: gazeta.kz.
Сурет: alashainasy.kz.
• 19 Наурыз, 2015
Көкшетауда туған анасы мүгедек баласынан бас тартты

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41