
Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген рейд кезінде Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның жанынан есірткіге ұқсас зат салынған 30 түйіншек табылған. Жедел сараптама олардың синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Сарапшылардың мәліметінше, тәркіленген заттың салмағы 400-ден астам бір реттік дозаға сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың есірткіні қайдан алғаны және оны қайда жеткізбек болғаны анықталып отыр.