Экспорт • Кеше

Астық экспорты 60 пайызға артты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы маусым аралығында елімізден шетке жөнелтілген жаңа астық өнімінің көлемі 9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық, деп жазады Egemen.kz.

Астық экспорты 60 пайызға артты

 

Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш – қазақстандық астыққа сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, экспорт географиясының кеңеюі мен логистикалық инфрақұрылымның жаңартылуы да оң нәтиже берген.

Астық жөнелтудің негізгі бағыттары – дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетелдер. Атап айтқанда:

  • Өзбекстанға – 3,3 млн тонна (өсім – 32%),

  • Тәжікстанға – 1,2 млн тонна (+45%),

  • Ауғанстанға – 309 мың тонна (+46%),

  • Қырғызстанға – 233 мың тонна (+94%),

  • Иранға – 974 мың тонна (17,5 есе көп),

  • Әзірбайжанға – 707 мың тонна (116 есе артқан).

Иран мен Әзербайжан бағытындағы өсім халықаралық көлік дәліздерінің дамуы мен екіжақты экономикалық әріптестіктің нығаюымен тығыз байланысты.