Қоғам • Бүгін, 09:40

Ғылыми журналистика қадамы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғылыми журналистика – ғылымдағы жаңалықтар мен зерт­­теу нәтижелерін және технологиялық жетістік­терді бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы жеткі­зе­тін бірегей сала.

Ғылыми журналистика қадамы

Сурет: qazdauiri.kz

Сондай-ақ бұл ақпарат таратумен ғана шек­телмейді, сонымен қатар қоғамда академиялық ойлау мәдениетін қалыптастырып, фейк ақпаратпен күресуге бағытталған. Алайда, өкінішке қарай, журналистика ғылым ретінде әлі күнге дейін толық мойындалмай келеді. Бұл – қазіргі медиа кеңістіктегі үлкен олқылықтың бірі.

Осы мәселеге бейжай қара­маған жастар елімізде жаңа бас­тама көтеріп, ғылыми бағытта белсенді жұмысты бастады. Солар­дың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті­нің студенттері. Мұнда жас зерттеу­шілер мен болашақ журналистерге арналған ғылыми үйірме құрылды. Қазірдің өзінде жоба Журналистика және әлеу­мет­тік ғылымдар факуль­тетінің бел­сенді бірлестігіне айналып отыр. Атал­ған ұйым – медиа саласының өзекті мәселелерін терең зерттеп, болашақ жур­на­листердің ғылыми әлеуетін арттырады.

«Интернеттің қарқынды дамуымен қатар медиа саласы да түрлі трансформацияға түсті. Әлі күнге дейін журналистика ғылымы лайықты бағасын алмай келеді. Оны ғылымға айнал­дыру да өз қолымызда. Бұл үшін медиа саласын жан-жақты зерттеуге ден қоюымыз керек. Сондықтан осы орталықты ашуды шештік. Ұйымның мақсаты – отандық ғы­лыми журналистиканы дамытып, медианы зерттеу әдіс­те­рін мең­герту және ұйымды тұғырлы зерттеу институтына ай­налдыру», дейді ғалым, үйірме же­текшісі Гүлмира Әшірбекова.

Ғылыми үйірмені ашу идея­­сы аталған факультет­ сту­дент­­терінен басталды.­ Олар ұстаз­дары Гүл­мира Шайт­­ма­ған­бет­қы­зына жур­на­лис­тиканың дамуына үлес қосқысы келетінін ай­тып, өзде­рінің ұсыныстарын жет­кізген. Бүгінде ұйымның «Telegram» арнасы мен әлеу­мет­тік желілерде белсенді па­рақ­ша­лары бар. Онда 100-ге жуық студент, магистрант және докторант тіркелген.

Гүлмира Әшірбекованың айтуынша, ғылымның толық аты – «Media research». «Research» – ағыл­­шынның зерттеу деген сөзі. Ұйым медианың өзекті мәсе­ле­ле­рін зерттеуге қызмет ететін­дік­тен атын осылай қоюды жөн көрген.

Бүгінге дейін бірлестік бір­неше форсайт-сессия мен жиын­дар өткізді. Оған шетелден және елі­мізден белгілі мамандар шақы­­­­рылды.

Қазіргі таңда АҚШ, Ұлы­бри­тания, Германия, Франция, Жапония осы саланың көшбас­шылары болып отыр. Бұл мемлекеттерде ғылыми журналис­тика – арнайы білім берілетін, зерттеу жүргізілетін, қоғам сұранысына ие сала. Елімізде бұл бағыт әлі жаңа, дегенмен осындай бас­тамалар арқылы ол да өз жолын табары анық.

 

Фариза ІЗБАСАРОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті