Медицина • Бүгін, 10:00

Шағымдар 11,7%-ға азайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасы халық тарапынан медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы мәлім етті.

Шағымдар 11,7%-ға азайды

2025 жылдың алғашқы бес айында Қорға барлығы 10 363 шағым түсті, олардың 5 073-і қайтарылып алынды. Көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Былтыр 11 745 шағым тіркелген еді (5 167-сі қайтарылған).

«Азаматтардың шағымдарын азайту, медицина­лық қыз­мет сапасын жақсарту бағы­тын­дағы жұмыстар арқылы оң нәтижеге қол жет­кізіл­ді. Осы мақсатта Қор ме­ди­ци­налық ұйымдар база­сын­­дағы пациенттерді қолдау қыз­меттері­мен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл қызметтердің маман­дары­ның кәсіби деңгейін арт­тыруға ай сайын оқыту сес­сия­ла­рын ұйымдастырады», – деді Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Оқытулар беделді басқару (репутациялық менеджмент), этика және деонтология, меди­цина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі сынды негізгі ба­ғыттарды қамтиды. Сессия барысында нақты келіп түс­кен шағымдар талданып, қара­ла­ды. Бұл теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ халық тарапынан сенімді арт­тыруға мүмкіндік береді. Халықпен кері байланыс­ты күшейту, медициналық көмек­тің сапа стандарттарын арттыру жұмыстары жалғаса береді.