
Жиында этносаралық қатынас саласындағы өзекті мәселелер және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру шаралары қарастырылды.
Ерлан Қарин «Заң және тәртіп» қағидатының іс жүзінде орындалуына, сонымен қатар аймақтардағы қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеу мәселесіне айрықша назар аударды.
Мемлекеттік кеңесші ішкі саясаттағы негізгі мәселелерге қатысты құзырлы органдардың жұмысын үнемі проактивті режімде үйлестіріп отыру қажеттігін айрықша атап өтті.
Жиын соңында мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.