Елорда • Бүгін, 13:00

Елордада Алматы көшесінің бір бөлігі жабылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы айдың 4-6 күндері аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Алматы көшесінің бір бөлігі жабылды

Фото: Қала әкімдігі

Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.

Қауіпсіздік үшін және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтынан.