
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Келісімдер шеңберінде бірқатар жоғары сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету көзделген.
«Жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялармен меморандумдар жасасу біздің сындарлы өзара іс-қимыл мен әлеуметтік жауапкершілікке жалпы дайындығымызды көрсетеді. Мұндай бастамалар фармацевтикалық нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға, пациенттердің қазіргі заманғы препараттарға қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ инвестициялық ахуалды дамытуға және өндірісті оқшаулауға ықпал ететініне сенімдіміз», деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Сонымен қатар келісім аясында «АстраЗенека Қазақстан» компаниясы бөлшек және көтерме сауда нарығы үшін бірқатар өмірлік маңызды дәрілік заттардың бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.
«Біз инновациялық терапияға мұқтаж адамдардың қазіргі экономикалық жағдайдағы қажетті препараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеуге ниеттіміз. Меморандумның ережелері біздің компанияның Қазақстан аумағында локализацияланған және өндірілген препараттарына да қолданылады. Біздің бағалауымыз бойынша, бағаның төмендеуі бірнеше миллион пациентті қолдауға мүмкіндік береді», деді Қазақстандағы «АстраЗенека» компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс және сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Арсен Насырханов.Министрліктің хабарлауынша, «Johnson & Johnson Kazakhstan» компаниясымен жасалған меморандум шеңберінде жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуде қолданылатын Спинраза (Нусинерсен) препаратының бағасын қайта қарау жөнінде келісімге қол жеткізілген. Аталған ауру сирек кездесетін, алайда өмірге қауіп төндіретін және прогрессиясы жоғары аурулар қатарына жатады.
«Тағы бір маңызды келісім отандық «Химфарм» АҚ компаниясымен жасалған. Компания 2 типті қант диабетін емдеуде қолданылатын Дапаглифлозин препаратының сатып алу бағасын төмендетуге дайын екенін білдірген. Бұл – әлемдегі ең кең таралған инфекциялық емес аурулардың бірі. Бүгінде Қазақстанда 520 мыңнан астам азамат қант диабетімен тіркелген, оның 492 335-і – 2 типті диабетпен ауырады. Аталған дерт жүрек-қан тамырлары ауруларының, көру қабілетін жоғалту, бүйрек жеткіліксіздігі және өзге де күрделі асқынулардың негізгі себебі болып табылады. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да мемлекетке едәуір жүктеме түсіреді», делінген хабарламада.
- Рұқсат етілген сауда үстемелерін сақтау;
- Дәрі-дәрмек бағасының динамикасын бақылау;
- Үздік халықаралық тәжірибемен алмасу;
- Инновациялық препараттарды қаржыландыру тетіктерін дамыту;
- Дәрілік қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.