Қоғам • Бүгін, 11:06

Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек

Фото: Облыс әкімдігі

Қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру бастамасына қосылған ірі инвесторлар: «Зерде Керамика» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «BS Holding» ЖШС, «Алихан-Ойл» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Center Group» ЖШС, «Максимус» ЖШС, «ЦентрКредит Банк» АҚФ, «Gorilla Asia» ЖШС, «Rakhmet Group» ЖШС, «Dastan Group» ЖШС және «GRANT ADAL» ЖШС.

7 нысан пайдалануға берілген, ал қалғандарына абаттандырудың соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жуырда аяқталған жобалардың бірі – қараша айында Карғалы тұрғын алабында ашылған жаңа сквер. Оның құрылысына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Анвар» ЖШС-ның бас директоры Талғат Салфиков демеушілік жасады. Сквердің жалпы ауданы – 1,3 гектар. Аумағында шағын футбол алаңы, әткеншектер, ыңғайлы орындықтар және балаларға арналған аттракциондар орнатылған. Отбасылық демалыс үшін қолайлы жағдай жасалған.