
Қайғылы оқиға 6 шілде күні отбасымен демалуға келген Мәжіліс депутаты Бақытбек Базарбектің көз алдында болған.
Жағажайдағы куәгерлердің айтуынша, әйелді судан шығарып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанмен, оны аман алып қалу еш мүмкін болмаған.
Жағажайда болған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек нысанның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін, аумақта құтқарушылар мен дәрігер, бейнебақылау мен құтқару құралдары қарастырылмағанын ашына айтты. Сонымен қатар бұл жер телімі жеке кәсіпкерге жалға берілген, алайда иесі кіреберіске шлагбаум орнатып, ақы алумен ғана шектелген.
Депутат бұл жағдайға байланысты тиісті органдарға сұрау салып, жағажай иесінің кім екенін анықтап, жауаптыларды заң алдында жауапқа тартуды талап ететінін жеткізді.
Қайғылы жайтқа байланысты Алматы облысы полиция департаменті жауап беріп, тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция демалыс аймағында құтқару құралдарының, кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, сондай-ақ нысанның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Қайтыс болған азаматшаның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Алматы облысы