
Фото: ІІМ
Белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп жүрген полицейлердің заңсыз қоқыс тастау орындарын және қалдықтарды төгу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше акция басталғалы 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылған. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылған.