
Қарағанды қаласы әкімінің гранты – жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған жоба.
Биыл ол төртінші жыл іске асырылуда. 1500000 теңге көлемінде грант алу құқығы үшін 55 қатысушы күресті.
Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан жас кәсіпкерлер бизнес бойынша және бизнес-жобаларды тиімді қорғау тақырыптары бойынша екі күндік оқытудан өтті.
Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, бизнес-құрылымдардың өкілдері және қоғам қайраткерлері кірген конкурстық комиссияның алдында 10 бизнес – жобаны таңдау міндеті тұрды. Жеңімпаз жобалардың қатарына экологиялық таза тұрмыстық химия өндірісі, Қарағанды сұрыптауда "SRT MARKET.KZ" жеткізу қызметі, нейропсихологиялық бейімдеу орталығы, "Өнім бағасының мониторингі" ақпараттық-талдамалық жүйесі және т.б. кіреді.
Қарағанды қаласы әкімінің 2025 жылғы грантының иегерлері:
1. Пазыл Ұлпан Жерұллақызы - Коворкинг жастардың креативті орталығы
2. Никонович Кирилл Русланович - ART Cloud
3. Строганов Максим Анатольевич - Информационно-аналитическая система "Мониторинг цен на продукты"
4. Субботина Мария Александровна - Развитие фитнес-студии "Jump"
5. Омиртаева Назерке Женисовна - "AqLine" - көлікке, тұрмысқа және тазалыққа арналған химиялық өнімдер шығару цехын ашу
6. Козыбаева Сымбат Амангелдіқызы - Qadam - центр нейропсихологической адаптации: мягкий старт в школу для детей с трудностями обучения и детей с особыми образовательными потребностями
7. Азненов Шыңғыс Иржанұлы - Вентиляция. Изготовление, монтаж, подбор оборудования
8. Тоқтаржанұлы Асылжан – «ЖАЛЫН» - жас өспірім балаларға арналған жаттықтыру залын ашу
9. Кошакаева Алсу Марсовна - Служба доставки "SRT MARKET.KZ"
10. Сейталина Әсем Ерланқызы - Ерекше балаларға арналған эрготерапия жобасы