Аймақтар • Кеше

Жарты ғасыр жөндеу көрмеген Сәтбаев каналы жаңғыртылып жатыр

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

9 шілде күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Нұржан Әшімбетов, Вера Ким және Жарқынбек Амантай Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың №2 сорғы станциясындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарты ғасыр жөндеу көрмеген Сәтбаев каналы жаңғыртылып жатыр

Фото: Мәжілістің Баспасөз қызметі

Каналдың жабдықтары 50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз пайдаланылып, әбден тозған. Осыған байланысты энергетикалық және гидромеханикалық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынып, №1 сорғы станциясының реконструкциясы басталды. Сонымен қатар, 2025 жылы бес жаңа сорғы агрегаты жеткізіледі деп күтілуде. Бұл мақсатта «Уралгидромаш» АҚ-мен келісімшарт жасалған. Жалпы алғанда, 2028 жылға дейін 19 дана гидрожабдықты ауыстыру жоспарланған.

«Қаныш Сәтбаев атындағы каналОрталық Қазақстан үшін негізгі су арнасы. Ол Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласының елдімекендерін жәнемкәсіпорындарын ауызмсумен қамтамасыз етеді. Бұл – шынымен де бірегей әрі стратегиялық маңызы бар нысан. Алайда ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан маңызды мәселе бар. Жабдықтардың 90 пайыздан астамы тозған, кейбір сорғы агрегаттарын шұғыл ауыстыру қажет. Мысалы, биыл және келесі жылы құны шамамен 11 миллиард теңге болатын бес сорғы агрегатын ауыстыру жоспарланған. Қаражаттың бір бөлігі бөлінді, алайда бұл жеткіліксіз. Тағы 14 сорғы үшін қосымша қаржы қажет», деді В.Ким.

Нұржан Әшімбетов өткен жылы №2 станцияда орын алған ірі апатты еске салып, бұл жағдай жабдықтарды шұғыл жаңғыртуды қажет еткенін айтты. 

«Павлодар және Қарағанды облыстарынан сайланған сегізінші шақырылым депутаттарының бастамасымен бұл мәселе республикалық деңгейде көтерілді. Бүгінде каналдың реконструкциясына бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді», деді депутат Нұржан Әшімбетов.

Депутат Жарқынбек Амантайдың сөзінше, канал суы тек өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын ғана емес, сондай-ақ елорданың су тапшылығы мәселесін де шешуге ықпал етеді. Мәжіліс депутаттары жобаның жүзеге асырылуын және оның тұрақты қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді.