Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Жолы болғыш Вайолет

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кей адамдардың өмір жолы – өз алдына бір фильм. Сондай тағдыры таңғаларлық жанның бірі – ағылшын медбикесі Вайолет Джессоп.

Жолы болғыш Вайолет

Ол өткен ғасырдағы үш кеме апатына куә болып, үшеуінен де аман қалған. 1911 жыл В.Джессоп «Олим­пик» атты лайнерде борт­серік болып жұ­мыс істеп жүрген еді. Сол жылы атал­ған кеме әскери «Хоук» крейсері­мен соқты­ғысып, айтарлықтай зақымдан­ған. Бірақ борт­­серік аман қалды. 1912 жылы атақ­­ты «Титаник» апаты болғанда да Вайолет құт­­қару қайығына мініп, құтқарылды. Ал 1916 жылы «Британник» лайнері минаға жарылып суға батқанда Вайолетті Құдай тағы да сақтады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жоқ өлмейді», деген осы ғой...