Оқиға • Бүгін, 15:43

Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасы құлап қалған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ТЖД хабарлауынша, бұрғылау мұнарасы Теңге ауылында 9 шілде сағат  12: 47 шамасында құлаған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған.  Департамент осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстау облысында бұрғылау мұнарасы құлап қалған

Фото: видеодан алынған скрин

«Теңге» кен орнында № 553 ұңғымада «Petro Мұнай-Газсервис» ЖШС мердігерлік компаниясы жерге бұрғылау мұнарасын көлденең қалыпқа салуды жүргізу кезінде (бұрғылау мұнарасының екінші және жоғарғы үшінші секциялары арасында бүктеме) болған. Осы факті инцидент ретінде жіктеледі және «Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы тергеу жүргізеді», делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпені анықталды.