Теннис • Бүгін, 13:05

Әмір Омарханов жартылай финалда бақ сынайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов беделді «Уимблдон» турнирінің жасөспірімдер арасындағы бәсекесінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.

Әмір Омарханов жартылай финалда бақ сынайды

Фото: olympic.kz

Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті. 1 сағат 24 минутқа созылған матч қазақстандық-ресейлік жұп пайдасына 6:4, 7:6 есебі тіркелді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жартылай финалда Омарханов-Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.