Марапат • Кеше

Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет пен еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды

Салтанатты рәсім 2025 жылы елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

«Отан» орденімен отандық әдебиетті дамытуға, рухани құндылықтарды сақтауға және қазақ мәдениетін ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін белгілі қазақстандық жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов марапатталды. 

Тынымбай Нұрмағанбетовті құттықтай отырып, Алматы әкімі жазушыға көп жылғы әдеби қызметі, ұлттық идеяға адалдығы және Қазақстанның рухани мұрасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында жазушы оннан астам жинақ шығарды, оның ішінде «Қауын иісі», «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы», «Тұнық су», «Айқай» және басқалары бар. Жазушы шығармалары ірі одақтас баспаларда жарық көрді, орыс және басқа да бірқатар тілге аударылды. Ал оның пьесалары желісімен қойылымдар қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Дөнесбай Аханаев марапатталды. Ол - «Алматы Су» МКК Түрксіб аудандық пайдалану учаскесінің слесарі.

Кәсіпорында жұмыс істеген кезден бері Дөнесбай Өтепбайұлы өзін кәсіби білікті, еңбекқор, жауапты және іскер қызметкер ретінде көрсетті. Апатты учаскелерге жедел барып, шұғыл және ұтымды шешімдерді дереу қабылдау қабілетімен ерекшеленеді.

«Алматы Су» МКК Жетісу аудандық пайдалану учаскесінің слесарі Литвинов Дмитрий Александрович те «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дмитрий Александрович өзінің күнделікті қажырлы еңбегі арқылы Алматы қаласының су құбыры желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Соның арқасында шаһардың он мыңнан асатын тұрғыны сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Мемлекеттік марапаттар көп жылғы адал еңбек, жоғары кәсібилік, қала шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлес үшін табысталды.