
Фото: informburo.kz
Бірыңғай есепке алу жүйесінде баланың онлайн-казиноға тіркелуге немесе бәс тігуге тырысқаны туралы ата-аналарға хабарлама жіберу мүмкіндігі қарастырылады.
«Болашақта жүйе іске қосылғаннан кейін оны жетілдіруге болады. Нормативтік-құқықтық жағынан тыйым болмаса, біз де осы жөнінде ойланамыз. Бұл жақсы идея. Егер кәмелетке толмағанның аккаунтқа тіркелуге талпынысы тіркелсе, болашақта мұндай функцияның қосылуы әбден мүмкін. Ата-аналардың мессенджеріне «Ұлыңыз тіркелуге тырысты» деген хабарлама жіберілуі мүмкін. Ата-анасы баламен сөйлесіп түсіндіреді. Бірақ қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – 21 жасқа толмағандарды, қарызы бар адамдарды, өзіне шектеу қойғандарды және заң бойынша бәс тігуге рұқсат етілмейтін басқа азаматтарды жүйеге кіргізбеу. Кейіннен жүйені жетілдіреміз», деді Әділет Тұрғанбаев.
Подкастқа қатысқан Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі де өз пікірін білдірді.
«Бұл өте жақсы идея. Біреу баланың аккаунтын пайдаланып тіркелмек болса, ата-аналарға хабарлама келіп, олар онымен сөйлеседі», деді Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Мүліков.
Сонымен қатар, Әділет Тұрғанбаев болашақта бұл жүйе дропперлер мәселесін де шеше алатынын атап өтті. Олар да басқа адамдардың аккаунттарын пайдаланады. Оның пікірінше, ата-аналарға жедел хабарлама жіберу арқылы балаларды бұл торға түспеуден сақтап, қылмыстық схемаларға қатысуының алдын алуға болады.