Оқиға • Бүгін, 16:16

Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда найзағай жарқылы түскен 2 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде кешкі сағат 19:47-де болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті

фото: ашық дереккөз

« Атырау қаласындағы Химиктер ауылында тұрғын үйге найзағай түсті. Соның салдарынан Тәуке хан көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, жалынды сағат 20:23-те оқшаулады. Өрт сағат 20:59-да толықтай сөндірілді», деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобы.

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер, 4 техника тартылған.