Парламент • Бүгін, 08:20

Еліміздің табысты болашағы оқытушылардың қолында – Қошанов

50 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Палата спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Қарағанды облысының Нұра және Осакаров аудандарына барды. Мәжіліс депутаттары өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

Еліміздің табысты болашағы оқытушылардың қолында – Қошанов

Нұра ауданында депутаттар Болат Әбдікәрімов атындағы көп­салалы колледжге барды. Оқу орны агроөнеркәсіп, құрылыс және өндіріс салаларына арналған он мамандық бойынша кадрлар даяр­лайды. Бүгінде мұнда шамамен 300 студент білім алып жатыр.

Мәжіліс төрағасы педагогтерге арнаған сөзінде Еңбек ада­мының рөлі мемлекет үшін маңыз­ды екенін атап өтті. Ол қазіргі таңда елімізде жұмысшы ма­ман­дарға сұраныс 40 пайыздан асып отырғанын айтып, осыған байланысты жас, білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталды.

– Өздеріңізге белгілі, Пре­зи­дент осы жылды Жұмысшы маман­дықтары жылы деп жария­лады. Бұл бағытта колледж­дер мен училищелер елге қа­жетті мамандар даяр­лау ісін­де ерек­ше рөл атқарады. Сіз­дер жас дәне­кер­леушілерге, құры­лыс­­шы­лар мен тігіншілерге ең­­бек­­ке деген шынайы құр­мет­ті, өз ма­мандығына деген
сүйіспеншілікті және дұрыс мо­раль­дық құндылықтарды дарытып келесіздер. Мықты экономика мен елдің жарқын болашағы – ұста­з­дардың қолында. Сондықтан мем­лекет сіздерді толық қолдайды. Кол­ледждерді дамытуға және мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсартуға бар күшін салады, – деді Е.Қошанов.

қошанов

Сонымен қатар ол еңбек ада­мын қолдауға бағытталған нақ­ты өзгерістерге, яғни жұмыс­шы мамандық иелері үшін жаңа­дан тұрғын үй ипотекалық бағ­дарламасының іске қосылғанын, сондай-ақ зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтіндерге зей­нетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті.

Сапар барысында депутаттар колледж студенттері өз маман­дықтары бойынша тәжірибелік машық қалыптастыратын оқу шеберханаларының жұмысымен танысты. Мұнда дәнекерлеу ісі, құ­рылыс, автослесарь, тамақ және тігін өндірісі бағыттары бойынша білім беріледі. Колледждегі жұмыс барысы туралы жас маман Арайлым Аманкелді айтып берді. Ол «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында туған ауы­лына оралып, мұғалім болып қызмет атқарып жүр.

Депутаттар сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған көппәтерлі тұрғын үй кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бұл үй бұған дейін бос тұрған ғимараттан қайта жаң­ғыртылып жатыр. Жыл соңына дейін жаңа қызметтік баспана­ға аудандық аурухананың жас қыз­меткерлерінен 14 отбасы қоныстанады деп жоспарланып отыр. Аймақ басшылығының айтуынша, ауылдағы медицина қызметкерлерін қолдауға бағыт­тал­ған мемлекеттік қолдау шаралары арқылы бүгінде Нұра ауылын­да білікті кадрлар тапшылығы мәсе­лесі іс жүзінде шешімін тап­қан.

Ауданда ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Мә­жіліс депутаттары биыл іске қо­сылған «МФ Рамадан» ЖШС-нің сүт фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын 1 100 голштин-фриз тұқымды сауын сиыр ұстауға арналған. Технологиялық тұрғы­дан жаңа сауу жабдығының көмегі­мен ферма тәулігіне орта есеппен 27 тонна, жылына 10 мың тонна­ға дейін сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Осакаров ауданында Мәжіліс төрағасы мен депутаттарға тағы бір инвестициялық жоба – қуаты 150 МВт болатын жел электр стан­сасының құрылысы таныстырылды. Бүгінде мұнда жоспарланған 21 жел қондырғысының 9-ы іске қосылып, энергия өндіріп жатыр. Алынған «жасыл» электр энергиясы қосалқы станса арқылы жалпы тарату желісіне жіберіледі. Жоба аясында ауылдан 20 жаңа жұмыс орны ашылған.

 

қошанов

Делегация сондай-ақ 2020 жылы толық қайта жаңғыртудан өткен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығына барды. Қазіргі таңда орталықта заманауи бағыттар бойынша 25 үйірме жұмыс істейді. Ауылдың 600-ден аса баласы мұнда IT, роботтехника, жасанды интеллект, музыка мен театр өнері, қолданбалы шығармашылық, тілдер және басқа да салалар бойынша білім алып жатыр.

Осы жерде Мәжіліс депутат­тары Осакаров ауданының жұрт­шылығы өкілдерімен кез­десті. Әң­гіме барысында жер­гілікті өнді­ріс­ті дамыту перспективалары тал­қыланды. Атап айт­қан­да, алда­ғы жылдары өңірде сыйым­ды­лығы 2 500 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы, 6 мың бас малға есептелінген еліміздегі ең ірі сүт-тауар фермасы, жылына 45 млн кір­піш шығаратын кірпіш зауытының құрылысы, сондай-ақ суармалы жерлердің аумағын айтарлықтай кеңейту ісі жоспарланып отыр.

қошанов

Е.Қошанов өткен сессияда қабылданған Салық, Бюджет және Су кодекстері, сондай-ақ әлеуметтік даму бағытындағы бірқатар заң жөнінде айтты. Олар­дың қатарында «Келешек» жинақ­тау жүйесі туралы заң, дарындыларды қолдау нормалары, МӘМС жүйесінде базалық медициналық көмекті сақтау, онкоскринингті кеңейту мен басқа да маңызды бас­тамалар бар.

Одан бөлек, Е.Қошанов аудан­дық мәслихат депутаттарын заң шығару жұмысына белсен­дірек қатысуға шақырды. Өз ұсы­ныстарын Қоғамдық палата ар­қылы енгізіп, сондай-ақ Мәжіліс сайтындағы арнаулы модульдің мүмкіндіктерін пайдалануға кеңес берді. Бұл жайт қабылданатын заңдардың сапасын арттырып, олардың нақты өңірлік жағдайларға сай болуына ықпал етеді.

Азаматтардың, кәсіпкерлер­дің және аудан басшылығы­ның өтініштері мен ұсыныстары Мәжіліс депутаттары тарапынан жаңа парламенттік сессия басталған кезде талқылауға шыға­рылады.