
Ақылды аю сарбаздарға бауыр басып, жауынгерлердің нағыз досына айналады. Тіпті уақыт өте келе Войтек әскер қатарына ресми түрде қабылданып, 22-артиллериялық жабдықтау ротасының құрамына қосылады. Ол аз десеңіз, Войтек жауынгерлермен бірге Италияға дейін жетіп, әйгілі Монте-Кассино шайқасына қатысады. Сол жерде ол оқ-дәрі салынған жәшіктерді түсіріп, снарядтарды зеңбіректерге жеткізіп отырған. Бұл көрініс кейін 22-ротаның жаңа эмблемасында көрініс табады.