
Алматы облысының тау бөктерлерінде найзағай күтіледі. Қонаев қаласында 25–28 шілде аралығында күн қатты ысиды – +36…+39°C. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Алматы қаласында да 25–28 шілде күндері +35…+39°C қатты аптап күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары.
Атырау облысының шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, бұршақ жаууы, жел күшеюі мүмкін. Түнде найзағай күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с. Атырау қаласында найзағай болжанған.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Қызылордада да осындай жағдайлар күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ, найзағай мен қатты жел болжанған. Өрт қаупі жоғары. Орал қаласында да найзағай мен бұршақ күтіледі.
Ұлытау облысында аптап ыстық пен найзағай күтіледі. Күндіз +35°C. Жезқазғанда да найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында найзағай, 15–20 м/с жылдамдықпен соғатын жел және +36°C дейін ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында найзағай, бұршақ пен жел екпіні күшейеді. Кей өңірлерде өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл мен найзағай күтіледі. Ақтауда өрт қаупі өте жоғары.
Жамбыл облысында жел күшейіп, Таразда +39°C дейін ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында 40–42°C аптап ыстық, шаңды дауыл, найзағай және жел болжанған. Шымкент пен Түркістанда да жоғары температура сақталады.
Ақтөбе облысында бұршақ, найзағай, жел және өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында найзағай және қатты жел болжанған. Өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ, туман, найзағай, шквал және желдің күшеюі күтіледі. Петропавлда да найзағай мен 15–20 м/с жел күтіледі.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында +35…+41°C аптап ыстық, найзағай және қатты жел күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.
Ақмола облысында бұршақ, найзағай, жел және өрт қаупі сақталады. Көкшетауда найзағай мен жел күтіледі.
Астанада да 25 шілдеде найзағай мен 15–20 м/с екпінді жел болжанған. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.