Ауа райы • 25 Шілде, 2025

Демалыс күндері 42 градусқа дейін ыстық болады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері 42 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайды. Онымен бірге өткінші бұлтты, ашық ауа райы, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте – шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте қатты аптап ыстық – 42°С дейін сақталады.