Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Әлібидің жарқын жеңісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс «The Ultimate Fighter 33» турнирінің тоғызыншы сериясының жартылай финалында күш сынасты.

Әлібидің жарқын жеңісі

Осы күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен 31 жас­­тағы Әліби ширек финалда өзбекстандық Фур­катбек Ёкубовты ұпай санымен ұтқан еді. Жартылай финалда оның жолы Венесуэланың өкілі Ройберт Эчеверриамен қи­ысты. 29 жастағы Оңтүстік Аме­ри­ка оғланы 12 кез­десудің екеуінде ғана жеңілген. Десек те бұл бәсекеде Әліби айқын басымдық танытты. Бірінші раундта қарсыласын тіземен теуіп құлатқан ол жығылған бетте соқ­қы­ны қарша боратты. Төрешінің жекпе-жекті тоқтатудан басқа амалы қалмады.

Енді әлемнің ең белді про­моушені – UFC-ге өту үшін Әліби Ыдырысқа бір ғана кездесу өткізу қалды. «The Ultimate Fighter» турнирінің финалында ол мек­сикалық Иманол Родригес (5-0) пен америкалық Джозеф Мора­лес (12-2) арасындағы жекпе-жек­тің жеңімпазымен күш сынасады. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше