Аймақтар • Бүгін, 09:05

Жетісай мен Мақтааралда 74 587 га егіс алқабы суарылды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты.

Жетісай мен Мақтааралда 74 587 га егіс алқабы суарылды

Сурет: instagram @turkistan_oblysy

Су ведомствосының басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық суды бөлетін «Дос­тық» мемлекетаралық каналына барды. Қазір су біздің елге бұрын қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп, Жетісай және Мақта­арал аудандарындағы егіс алаңда­рын суаруға пайдаланылады.

Бүгінде «Қазсушардың» Түркіс­тандағы филиалы Мақтаарал ауданы­ның шаруаларымен суармалы су беру­ге 3 223 келісімшарт жасасты, Жетісай ауданы бойынша 1 492 келісімшарт жасалды. Қазір Жетісай ауданында суармалы жер көлемі 47 332 га, Мақтаарал ауданында 27 255 га.

Одан кейін министр «Машиналық әдіспен су көтеру каналының» жұмы­сы­мен танысты. «Қазсушардың» Түркіс­тандағы филиалы нысанды механи­калық жолмен тазалауды аяқтап қалды.

«Келісімшарт жасаған су пайдаланушылармен міндеттемелерді орындау үшін каналдар бойынша кезекпен су беру жүргізіледі, ал министрліктің жұмыс тобы мен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы су пайдаланудың заңдылығын қатаң бақылауда ұстайды. Сондай-ақ суды келісімшартсыз тұтынғандарға және су жеткізушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткендерге айыппұл қарастырылған. Бірақ диқандар да су үнемдеу технологияларына көшіп, ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егуді азайту арқылы су ресурстарын үнемдеуге өз үлестерін қосуы керек. Мемлекет бұған субсидия­лар түрінде барлық қажетті жағдайды жасады», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Биыл Түркістан облысында күріш егу жоспары 3,3 еседен асып кетке­нін еске сала кетейік. Суармалы су тапшы­лығы қаупімен 4000 га шекті көлемге қарамастан, «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен 13 258 га күріш алқаптарын суаруға 1 047 келісімшарт жасасқан. Осыған байланысты филиалдың бірқатар басшысына қатаң сөгіс берілді.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы жұмыс топтарын құрған болатын. Бұл топтар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Түркістан облысындағы вегетациялық кезең министрліктің бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше