Заң • Бүгін, 11:17

Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың жолы кесілді, деп жазады Egemen.kz.

Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: polisia.kz

ІІМ дерегінше, қылмыскерлер интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдаланып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізген.

Олар ұйымдасқан қылмысы арқылы миллиардтаған пайда тапқан. Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен. Ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан. 

Тінту барысында олардан ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленген. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 

ІІМ аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мұндай қылмыстар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.