
Фото: kp.ru
Вице-министр ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі саясатты жүзеге асыру мақсатында ведомство жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың ұйымдасқан шаруашылықтарға көшуі үшін жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
«Алдағы үш жылда 3,4 трлн теңге сомаға 23 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 683 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», деді Аманғали Бердалин.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру жылдарында 115 млрд теңге сомасына 17 мыңнан астам шағын несие беріліп, ауылда 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.
Биыл АӨК инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 6,3 мың тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құра отырып, 616 млрд теңге сомаға 285 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.