Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

шш

вв

вв