Туризм • 30 Шілде, 2025

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді елордадан «Астана-1 - Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызы қатынайды, деп жазады Egemen.kz.

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Электр пойызы әр сәрсенбі жолға шығады. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биоәжетханалар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар, ыңғайлы орындықтар, велосипед қоятын орындар бар. Сондай-ақ Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісі орнатылған.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады.