Аймақтар • 01 Тамыз, 2025

Қаражалда «Тәуелсіздік» саябағы заманауи демалыс орнына айналады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы, Қаражал қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында қайта құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бастама қала тұрғындары үшін қолайлы, эстетикалық жағынан қуаныш сыйлайтын демалыс орны болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаражалда «Тәуелсіздік» саябағы заманауи демалыс орнына айналады

Қазіргі уақытта саябақта спортпен айналысуға және серуендеуге ыңғайлы 2300 шаршы метр аумаққа тартан жабынды төселді, 800 шаршы метр бетон негізі құйылды, ағаштарды кесу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар  саябақтың екінші бөлігіне жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Қазіргі кезде саябаққа сән беріп, кешкі уақытта жайлы демалуға мүмкіндік беретін шағын сәулет формаларын (МАФ) және шамдарды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жұмыс барысы тексеріліп, мердігер мекемелерге барлық міндеттемелерді уақытында орындау және анықталған ескертулерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жаңартылған саябақ – қала тұрғындары үшін демалыс аймағы ғана емес, қаланың көрікті нысандарының біріне айналады.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025