Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 28 арнайы техника бірлігі тартылды.
Экологиялық акция барысында қатысушылар 95 гектар аумақты тазалап, 108 тонна қоқыс жинады. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.
Аталған шара халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары екенін және жергілікті билік, еріктілер мен тұрғындардың үйлесімді әрекет етуінің тиімділігін көрсетті. Мұндай сенбіліктер тек аумақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.
Алдағы уақытта да Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып, бұл іске одан да көп тұрғындар мен ұйымдар тартылатын болады.
Алматы облысы.