Қылмыс • Кеше

Қызылордада жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 іс тіркелген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіркелген істер қатарында жеңгетайлық, жезөкшелікке тарту, бас бостандығынан заңсыз айыру жағдайлары бар. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда тиісу, көрінеу жезөкшелікпен айналысу деректері бойынша 44 әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 іс тіркелген

Құқық қорғаушылар аудандар мен шалғай ауылдарды аралап, әлеуметтік желі арқылы алдау жолымен жасалатын қылмыстардың алдын алуға күш салып келеді. Жыл басынан облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес 2 рет «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Әділхан Шопановтың айтуынша шаруа қожалықтарынан адамның құқықтары мен бостандықтарының тапталуы немесе олардың құқықтары шектелу деректері тіркелмеген.  

Қазір адам саудасының құрбандарына арналған әлеуметтік қолдау жұмыстары жолға қойылған. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылып отыр.