
Құтқарушылар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Нақты мәлімет бойынша, екі цехтың шатыры жанған:
— біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары,
— екіншісінде балмұздақ өндіруге арналған жабдық орналасқан.
Өрттің жалпы ауданы – шамамен 3000 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстары қатты желдің салдарынан күрделене түсті.
Қазіргі сәтте өрт оқшауланған.