Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Адалдық қарымтасы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1995 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан «Malden Mills» компаниясының маталар шы­ға­ратын зауыты өртке оранып, бар­лық тауар күл-топыраққа айнал­ды. Осылайша, бұл оқиға осын­да­ғы 3000 жұмысшыны қаржы­лық тұр­ғыдан тығырыққа тіреп, психоло­гиялық тұрғыдан сансыратып кетті.

Адалдық қарымтасы

Компания тұтқасын ұстаған Аарон Форштейн зауыт қайта салынып біткенше, барлық қызметкеріне бұрынғы айлығын тұрақты төлеп отыратынын айтты. Компанияға 25 миллион доллар шығын әкелген бұл шешім бизнесте «өрескел қателік» деп бағаланады. Бірақ зауыт қалпына келгенде, бірнеше жыл «бостан-босқа» ақша алып отырған қызметкерлер жұмысқа ынта-шынтасымен кірісіп, қысталаңда далаға тастап кетпей, қанатының астына алған жомарт басшының барлық шығынын еселеп қайтарған екен.