Ғалам ғажаптары • 06 Тамыз, 2025

Өсімдіктер де естиді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар кейінгі жылдары өсім­дік­тердің біз ойлағаннан да «сезімтал» екенін дәлелдеп келеді.

Өсімдіктер де естиді

Мәселен, Драммонд бәйшешегіне жасал­ған ерекше тәжірибе – соның айғағы. Аталған гүлге араның ызыңдаған даусын үш минут бойы тыңдатқанда, гүлдің шы­ры­нындағы қант мөлшері бірден 20%-ға артқан.

Тағы бір қызығы, өсімдік тек өзіне таныс, табиғи дыбыстарға ғана жауап береді екен. Гүлге араның ызыңы мен соған ұқсас төмен жиіліктегі дыбыстар ғана әсер етеді, ал бөтен, үйлеспейтін дыбыстарды мүлдем елемейді. Яғни табиғат әлемінде үнсіз ­әлем секілді көрінетін өсімдіктердің өзі айна­ласын тыңдап, соған бейімделіп өседі.

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше