Аймақтар • Бүгін, 12:20

Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарламасымен грантқа түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еліміздегі 8 жоғары оқу орнының өкілдері Түркістан облысына арнайы келіп, аудандарда мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде бағдарлама аясында Түркістан облысынан 802 түлек грантқа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарламасымен грантқа түсті

«Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлының мәлімдеуінше, биыл жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты жұмыспен қамту жоспарланған.

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен 128 636 жасқа кеңес берілді. Өңірде биылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 15-34 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9% болды. Ал, NEET санатындағы жастар көрсеткіші 5,8%-ға төмендеді. Бұдан бөлек, облыс бойынша 132 еріктілер ұйымдарында 18 мыңнан астам жас белсенді мүше ретінде тіркелген.

Еріктілер жұмысын дамыту бағытында облыс көлемінде 6 бағыттан тұратын ауқымды акциялар өткізілді. Нәтижесінде 408 сенбілік өткізіліп, оған 197 500-ге жуық жас атсалысқан.