Аймақтар • Бүгін, 17:30

Діни алауыздық тудыратын ақпаратты таратқан әйел 7 жылға сотталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және ҰҚКД жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында терроризмді насихаттаған 39 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Діни алауыздық тудыратын ақпаратты таратқан әйел 7 жылға сотталды

«Тикток» әлеуметтік желісі арқылы діни алауыздық тудыратын аудио, бейнежазбаларды таратқан әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 және 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілген.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.