Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Табиғат тамашасы

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада Велна және Нельба атты екі өзен екі жақтан келіп, бір арнаға тоғысып ағады. Бір қызығы, екі өзен­нің суы мүлдем араласпайды.

Табиғат тамашасы

«Бұлай болуы мүмкін емес» деп бір топ ғалым, тіпті, қос өзенге түрлі бояу құйып тәжірибе жасап көр­ген екен. Нәти­жесінде, бояулар аралас­пай, өз бағы­ты­мен ағып кете барған көрі­неді. Осы­лайша зерттеушілер су тем­пе­ра­тура­сы­ның, ағыс жылдамдығы мен дең­гейі­нің айырмашылығына байланысты олар­дың сулары араласпайтынын ғылыми дәлел­деп, көз жеткізіпті.