
АҚШ-тағы аса қауіпті қылмыскерлерге арналған Алькатрас түрмесі 1963 жылға дейін жұмыс істеген. Ол кезде тұтқындарын жылы душқа түсіретін жалғыз федералды түрме осы ғана болатын. Алайда бұл шешім қылмыскерлерге қамқорлық танытайын деген ниетпен емес, бақай есеппен қабылданған болып шықты. Яғни түрме әкімшілігі тұтқындар жылы суға үйреніп қалса, суық Сан-Франциско шығанағы арқылы жүзіп қаша алмайды деп санаған. Осылайша, тұтқындарға жасалған «жеңілдік» олардың қашуына кедергі болудың айласы екендігі анықталды.