Оқиға • Бүгін, 10:41

Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында  тікұшақты іздеу жұмыстары қаншалықты нәтижелі жүзеге асырылып жатқаны сұралды, деп жазады Egemen.kz.

Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары 50 пайызға аяқталды

БАҚ тарапынан қойылған сауалға Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жауап берді. Вице- премьердің айтуынша тікұшақ бөлшектері табылған Сорбұлақ көлінің 50 пайыз аумағында іздеу жұмыстары аяқталған.

«Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің тереңдігі 5-25 метрді құрайды. Көл түбі балшық, сондықтан алдағы 1 метр ғана көрінеді. Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық құралдар жеткілікті. Іздеу жұмыстары министрдің бақылауында», деді Кеген Тұрсынбаев.

Айта кетейік, төтенше оқиға болған күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Іздеу жұмыстары басталғалы 10 күн өтсе де тікұшақ пен экипаж мүшелері табылған жоқ. Жұмыс барысында эхолот, дрон және суасты құрылғылары қолданылып жатыр.