Медицина • Бүгін, 12:24

Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн райы жылынғалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошағы саналатын еліміздің оңтүстік өңірлерінде қауіп күшейе түседі. Денсаулық сақтау министрлігі салдары ауыр дерт, көбіне кененің шағуы арқылы немесе оны жұқтырған жануарларға жанасу арқылы жұғатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?

Фото: gov.kz

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы әлі күнге дейін вакцина жоқ. Ауруды жұқтырған адамның температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бұлшықет және басы ауырады. Мамандар осы белгілерден кейін қан кетуін қауіпті жағдай екенін түсіндіріп отыр.

Конго-Қырым қызбасы: 46 елді мекен табиғи ошақта орналасқан

Аталған аурудан тек профилактика арқылы қорғануға болады. Әсіресе қауіп аймағында жиі болатын ауыл тұрғындары, жануарлармен байланыста болатын адамдар, медицина қызметкерлері мен эндемиялық аудандардағы тұрғындар сақтық шарасына жіті қарауы тиіс. Ал табиғатқа шыққан азаматтар үсті-басын жиі тексеруі керек.

Сондай-ақ жануарлардың жанына арнайы қорғаныс киімінде бару міндетті. Мал мен үй-жайларды арнайы құрылғылармен өңдеу де қауіпті сейілтеді. Кене шаққанда жәндікті өз бетінше алып тастауға болмайды әрі дереу дәрігерге хабарласу қажет.

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

 

Соңғы жаңалықтар