Спорт • Бүгін, 11:47

Қызылордада ауыр атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр елінде ауыр атлетикадан ересектер арасында белгілі жаттықтырушы, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Вилорий Пак жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада ауыр атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр

Спорт саласына өлшеусіз еңбек сіңірген білікті маманың шәкірттері әлемдік аренада ел намысын қорғады. Олардың қатарында Илья Ильин, Алмас Өтешов, Қуаныш Рахатов, Олег Шин, Роман Русиновский және Александр Зайчиков сынды танымал спортшылар бар. Сонымен қатар, жаттықтырушы 60-тан астам спорт шеберін, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 3 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберін тәрбиелеп шығарған.

Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл республикалық додаға еліміздің барлық өңірінен 10 команда қатысып, 100-ге жуық зілтемірші 8 түрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жарысқа ерлер де, әйелдер де қатысуда.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, жаттықтырушы Вилорий Пак және облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Бердәліұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және қомақты сыйақылармен марапатталады. Турнир 13 тамызға дейін жалғасады.