
Сурет: zhaiyqmedia.kz
«Қазсушар» РМК-дан алынған ақпаратқа қарағанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді. Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарт жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су апаруға 72 келісімшарт жасалды.
«Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.