Аймақтар • Бүгін, 09:18

Абай облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға 10 миллиард теңге бөлінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қомақты соманы елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен бөлу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz

Абай облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға 10 миллиард теңге бөлінді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Бүгінде өңірде су жабдықтарын салуға бағытталған 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жетеуі - Семей қаласында. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, сумен қамту жұмыстары облыстың ауылдық аймақтарын да қамтиды.  Оның ішінде Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі. 

Биыл пайдалануға берілетін нысандар өңір халқының өмір сүру сапасын, коммуналдық қызметтерге қолжетімділік деңгейін арттырады. 

Жобалар аяқталғанда сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.